Үміткер магистратураға түсу үшін кешенді тест тапсыруы керек.
Кешенді тест 3 бөлімнен тұрады:1. Шет тілі тесті (IELTS 6.0, TOEFL (IBT 60);
2. Білім алуға даярлықты анықтау тесті;
3. Білім беру бағдарламалары тобы профилі бойынша тест.
Кешенді тестілеудің пәндері мына
сілтемеде көрсетілген.
Кешенді тестілеуге тіркелу үшін мына
сілтемемен өтіңіз.
Оқуға түсушілерге жеке кабинетте даярлық бағытын (бейінді немесе ғылыми-педагогикалық)өзгертуге мүмкіндік бар.
Кешенді тестілеу туралы анығырақ келесі
сілтемеден біле аласыз.
Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсушілер үшін шекті ұпай –
75, бейінді магистратураға түсушілер үшін –
30 ұпай.
Қажетті құжаттар тізімі:1. Өтініш - құжаттарды тапсырған кезде толтырылады
2. Талапкер сауалнамасы
3. Жеке куәлік - түпнұсқа және көшірме
4. Жоғары білім туралы құжат және үш тілдегі қосымшалар (транскрипт) - түпнұсқа
5. Фотосурет 3x4 (2 дана) - түпнұсқа
6. № 075-У медициналық анықтама - түпнұсқа
7. Кешенді тестілеуді тапсыру туралы сертификат - (КТ тапсырғаннан кейін)
8. Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат - түпнұсқа және көшірме (егер КТ-да тіркеу кезінде көрсетілсе)
9. Әлеуметтік санатты растайтын құжаттар - болған жағдайда
10. Түйіндеме - болған жағдайда
11. Ағылшын тіліндегі мотивациялық хат МВА бағдарламаларына түсушілер үшін
12. Egov жүйесінде тіркелуі
13. 1 семестр үшін оқу ақысының төлем чегі (
ақылы бөлімге түсушілер үшін)
Мемлекеттік грант конкурсына құжат тапсыру үшін:1. КТ сертификаты
2. Жеке куәлік көшірмесі
3. Диплом приложениясымен
2. 3 х 4 өлшеміндегі фотосурет, 4 дана.
Бір білім беру тобы мен 3 ЖОО таңдау арқылы конкурсқа қатыса аласыз.